Басты Жаңалықтар Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаның белең алуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Губернатор Кэти хокул инфекция жылдам тарап жатқандықтан, осындай шешім қабылдаған.  Аталған штатта қызылшаны жұқтырудың 108 дерегі тіркелді. Науқастардың көбі - екпе салу деңгейі төмен ауылдық жерлердің тұрғыны. Төтенше жағдай 1 айға созылмақ. Билік екпе науқанын жылдамдату үшін қызылшаға қарсы екпе салатын медициналық қызметкерлердің санын да көбейтті.

Бөлісу