Басты Жаңалықтар Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысын уақытша ұстау изоляторына қамады

Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысын уақытша ұстау изоляторына қамады

Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр» деп Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Бөлісу