Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы мен Оман сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы мен Оман сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті. Бұл ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақсан мен Оман арасында тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсетініне сенім білдірді.

Бөлісу