Басты Жаңалықтар Елдегі қылмыс 15%-ға азайған

Елдегі қылмыс 15%-ға азайған

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Министр өз есебінде биылғы тоғыз айда қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендегенін айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға аз. Интернет-алаяқтық деректері де 21 пайызға азайды. Алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сондай-ақ 8 мың 700 алаяқтық және фишингтік сайт пен 187 миллион қоңырау бұғатталды. Жол қауіпсіздігін күшейту шараларының нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 5 пайызға азайды. Кездесу қорытындысында Президент құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Бөлісу