Ұлыбритания түрмелерінен 700-дей тұтқын ерте босатылды
Ұлыбритания түрмелерінен
700-ге жуық тұтқын мерзімінен бұрын босатылды. Үкімет қамау мекемелерінде орын
жетіспеуі мәселесін осылай шешуді ұйғарған. «Рейтердің» хабарлауынша,
бостандыққа шыққандар темір торда 575 күн отырып, жаза мерзімінің 1/3-ін
өтеген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы айда ерлер түрмелеріндегі 85
мың орынның 1 мыңнан астамы ғана бос тұр. Алдағы 10 айда 4,5 мың жазасын өтеуші
мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмақ. Бұл тізімге кісі өлтіру, зорлау мен
басқа да ауыр қылмыс жасағандар енбейді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше,
еркіндікке шыққандардың көбі электрондық бақылауда болады. Дегенмен қоғам
белсенділері қауіпсіздікке алаңдаулы.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04