Еуроодақ елдерінде дизель отыны қымбаттады
Еуроодақтың 12 елінде дизель отынының бағасы шарықтады. Оның бір литрі 2,24 еуроға сатылып жатыр. Ал АҚШ – Иран соғысы басталмас бұрын баға 1,59 еуро болған еді. Демек қымбатшылыққа геосаяси ахуалдың ушығуынан отын тасымалында болып жатқан қиындықтар себеп. АҚШ нарықтағы ұсынысты арттыру және бағаның өсуін тежеу үшін Германия мен Франциядан дизель отынының қорларын қолдана бастауды талап етті. Ал ЕуроОдақ үшін мұндай қадам оңайға тимесі анық. Нарыққа қосымша дизель шықса, баға төмендегенімен, отын қоры азаяды. Еуропа Ресейден энергетикалық шикізат тасымалдаудан бас тартқаннан кейін АҚШ-қа тәуелді бола бастады. Қытайдың мұнай өнімдері экспортын уақытша қысқарту туралы шешімі де нарықта қысымды арттырды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚызылорда ұстаздары оқу бағдарламасына ЖИ енгізуге ынталы
02.10.2026, 17:30
Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр
02.10.2026, 17:24
Маңғыстауда онкология мен қант диабетінің көрсеткіші өскен
02.10.2026, 17:22
Ауылдарда медициналық мекемелер ашылып жатыр
02.10.2026, 17:20
Сарапшы: Конституциялық реформа елдің халықаралық беделін нығайтады
02.10.2026, 17:19
Ұлыбритания түрмелерінен 700-дей тұтқын ерте босатылды
02.10.2026, 17:17