Президент Данияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан мен Дания арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару мәселелері талқыланды. Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады. Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытуға басымдық берілді. Президент даниялық Carlsberg компаниясының Алматы облысындағы инвестициялық жобасын құптап, оның Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Келесі жылы Қазақстан мен Дания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚызылорда ұстаздары оқу бағдарламасына ЖИ енгізуге ынталы
02.10.2026, 17:30
Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр
02.10.2026, 17:24
Маңғыстауда онкология мен қант диабетінің көрсеткіші өскен
02.10.2026, 17:22
Ауылдарда медициналық мекемелер ашылып жатыр
02.10.2026, 17:20
Сарапшы: Конституциялық реформа елдің халықаралық беделін нығайтады
02.10.2026, 17:19
Ұлыбритания түрмелерінен 700-дей тұтқын ерте босатылды
02.10.2026, 17:17