Басты Жаңалықтар Президент Бавария Ландтагының төрағасымен кездесті

Президент Бавария Ландтагының төрағасымен кездесті

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Ландтагының Төрағасы Ильзе Айгнермен де кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда-экономикалық және парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Президент Баварияның Қазақстанмен сауда-саттықты жандандыру мен өзара ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жолдары қаралды. Ильзе Айгнер арадағы сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін зерделеуге дайын екенін айтты. Тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы мазмұнды диалогты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.


 


 


 



Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы