Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Бавария: Экономикалық ынтымақтастық кеңейеді

Қазақстан мен Бавария: Экономикалық ынтымақтастық кеңейеді

Мемлекет басшысы Германияға сапары барысында Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесті. Кездесуде арадағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Баварияның экономикалық және инновациялық әлеуетін жоғары бағалап, өңірді Қазақстанның сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Президенттің айтуынша, Баварияның технологиялық мүмкіндіктері мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін ұштастыруға мүмкіндік бар. Тараптар экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік қатынасын дамыту және жаңа ынтымақтастық бағыттарын қарастырды. Маркус Зёдер жан-жақты байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.


Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы