Мектепте телефон ұстаудың жаңа тәртібі бекітілді
Сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынды. Оқу-ағарту министрлігі жаңа ережені бекітті. Енді оқушылар белгілі бір себептермен ғана телефондарын пайдалана алады. Бұған ата-аналар қалай қарайды?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Енді сабақ кезінде телефон қолдануға болмайды. Оқушы телефонды дыбыссыз режимге ауыстыруы керек немесе оны мүлде сөндіруі тиіс. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы. Дегенмен белгілі бір жағдайларда оқушыға телефон пайдалануға рұқсат беріледі.
Мәселен, мұғалімнің тікелей тапсырмасымен, тек оқу процесіне қажет болған кезде, оқушының немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнгенде және оқушының денсаулық жағдайына байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша қажет болған телефонды қолдануға болады. Бірақ телефонның камерасы мен аудио жазу функциясын қосуға тыйым салынады, бұл әрекеттер де мұғалімнің рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұған ата-аналар қалай қарайды?
Жаңа ереженің мақсатын министрлік өкілдері былай түсіндірді.
Асыл Түймебаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің басқарма басшысы:
Ең алдымен бір мәселені нақтылап алуымыз керек. Мектептерде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салып отырған жоқ. Керісінше барлық білім беру ұйымдары үшін ортақ әрі түсінікті тәртіп айқындалды. Басты мақсатымыз сабақтың сапалы әрі қауіпсіз ортада өтуін қамтамасыз ету. Түптеп келгенде оқушы сабақ кезінде телефонға емес, білімге көңіл бөлуі тиіс.
Бұл әлемде кеңінен
тарап жатқан тәжірибе. Мәселен, Франция, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Қытай,
тіпті көршіміз Өзбекстан оқушыларға сабақ кезінде телефон ұстауға тыйым салған.
Енді міне, кезек бізге жетті. Айта кету керек, Оқу-ағарту министрлігі бекіткен
ереже 9 қазаннан күшіне енеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы