Еңбек адамдары марапатталды
Абай облысында адал еңбек, маңдай терімен ел дамуына үлес қосып, кәсіби тәжірибесін кейінгі буынға аманат етіп жүрген еңбек адамдары марапатталды. «Еңбек жолы» байқауы ұйымдастырылып, оның өңірлік кезеңіне түрлі сала өкілдерінен 24 өтінім түскен. Үміткерлердің үздіктері үш аталым бойынша анықталды. «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы». Олардың ішінде еңбек жолын бір мамандыққа арнап, кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан - Байғозовтар әулеті де бар. Теміржолшылардың бірнеше буыны теміржол саласында табан аудармай еңбек етіп келеді.
Қажиахмет Байғозов, «Үздік еңбек әулеті» аталымының жеңімпазы:
Бізді Аягөзден шақырып, осы жиынға қатысып, марапаттау рәсіміне қатысып жатырмыз. Өте қуаныштымын. Өзім теміржолшы болғам, әкем теміржолшы болған. Біздің әулетіміз 267 жыл теміржол саласында еңбек еткенбіз. Қазірдің өзінде 5 балаларымыз бар, бәрі теміржол саласында еңбек етіп жатыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17