Әлем жаңалықтарына шолу
Эбола вирусын жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты
Конго Демократиялық Республикасында эбола вирусын жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты. Қауіпті індеттен 3900-ден аса адам қаза тапқан. Вирус елдің 7 провинциясында анықталып отыр.
Екі елде су тасқынынан 70-ке жуық адам қаза тапты
Үндістан мен Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен 70-ке жуық адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Ондаған адам жараланды. Үндістанда 1 мыңнан астам баспанаға зақым келген. Ал Непал билігі елдің 49 ауданында су тасқыны қайталануы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Бангкок көшелері өзенге айналды
Таиландта қыркүйектің 16-нан бері тасқын толастамай
жатыр. Табиғи апат елдің 41 провинциясын жайлаған. 8 адам қаза тапты. Жарты
миллионнан астам үйге зақым келген. Ел
астанасы Бангкок апат аймағы деп жарияланды.
Мұнай бағасы қайта өсті
Мұнай бағасы таңертең қайта өсім көрсетті. Брент сұрыбының бір баррелінің құны 1,74 пайызға өсіп, 106 доллардан асқан. Ал WTI 0.90 пайызға қымбаттап, баррелі 93,24 долларға саудаланып жатыр. Энергетикалық шикізат нарығына АҚШ пен Иран арасында келіссөз өтуі мүмкін деген ақпараттың ықпалы зор.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы