Мемлекет басшысы шахматшы қыздарымызды құттықтады
Мемлекет
басшысы Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған
қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі
команда Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті. Президент
құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан
құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат
сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт
Тоқаев біздің шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын
жалғастырғанына назар аударды. Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға
табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор
екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы шахматшы аруларымызға толайым табыс, зор денсаулық және
бақ-береке тіледі.