Президент теннисші Елена Рыбакинамен кездесті
Президент теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтап, бұл жетістігін отандық спорт үшін тарихи мәні бар маңызды оқиға деп атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Рыбакинаның жеңістері елдегі тенниске деген қызығушылықтың артуына ықпал етіп отыр. Президент Елена Рыбакинаның Үлкен дулыға санатындағы үш турнирдегі жеңісін ерекше атап өтіп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының корттағы ғана емес, қоғамдық ортадағы байыптылығына да тоқталды. Президент оның жоғары мәдениеті мен өзін ұстау мәнері Қазақстанды спортқа, соның ішінде тенниске қолдау көрсететін дамыған мемлекет ретінде таныту үшін маңызды екенін айтты. Кездесуде Елена Рыбакина Мемлекет басшысына тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Қазақстандағы үлкен теннистің дамуына көрсетіліп жатқан қолдауды атап өтті.