Басты Жаңалықтар Қорғаныс министрлігі: 2 матрос жоғалды деген ақпарат жалған

Қорғаныс министрлігі: 2 матрос жоғалды деген ақпарат жалған

Каспийдегі оқиғадан кейін екі матрос жоғалды деген ақпарат жалған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеді. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Ахметов пен Мағауия оқу-жаттығу кезінде жағалауда болған. Олар оқу тапсырмаларын сол жерде орындаған. Қазір екі матрос та әскери бөлімде, қызметін штаттық тәртіппен атқарып жүр. Демек олардың жоғалғаны немесе қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған мәлімет әлеуметтік желілерде тараған. Ведомство расталмаған деректер қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызатынын ескертті. Әскери қызметке қатысты нақты ақпарат тек Қорғаныс министрлігінің ресми ресурстарында жарияланатынын еске салды.


Бөлісу