Әскери бөлімдердегі тексеріс 7 күн ішінде баяндалады
Оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуы жалпыұлттық қасіретке айналды. Мемлекет басшысы осы оқиғаға қатысты барлық мәселені, яғни зардап шеккендерге көмек көрсету, оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті түрде тергеуді тапсырды.
Қаржы және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасына аудит жүргізіліп,
жеті күн ішінде баяндалады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы он күн ішінде Қорғаныс
саласын реформалаудың арнайы жоспарын әзірлеуді талап етті. Қорғаныс
министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғасы күдікті ретінде ұсталды. Қазір тергеу
амалдары жалғасып жатыр.
Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин телеграм арнасында жариялады.
«Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер, меценаттар және басқа да азаматтар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Қысқа мерзім ішінде қаражат жинау ісінің жедел әрі ашық жүргізілуін қамтамасыз ететін арнайы қор құрылды. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бекмұрат Жүсіпов басқаратын қоғамдық комиссия жасақталды. Комиссияның негізгі міндеті – жиналған қайырымдылық қаражатын әділ әрі ашық бөлуді қамтамасыз ету. Жұртшылықтың алдағы уақытта да қабылданған барлық шара туралы уақытылы әрі ашық ақпарат алып отыруы қамтамасыз етіледі. Ең бастысы мемлекет тек жедел әрекет етіп қана қоймай, оқиғалардың түпкі себептерін жоюға бағытталған жүйелі әрі кешенді шешімдерді қабылдауда», - деп жазды ол телеграм парақшасында.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМ.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25