Қайтарылған активтердің арқасында Арқалық әуежайын жөндеді
Қайтарылған активтер қаражатына Арқалықта 30 жыл бойы қаңырап, қирап тұрған әуежай қалпына келтірілді. Биыл ел игілігіне берілген нысанды жаңғыртуға 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды, оның 6 миллиарды Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Жаңа жолаушылар терминалы салынып, ұшу-қону жолағы, перрон мен әуе кемелері жүретін жол толық жаңартылды. Қазір Арқалықтан Астана, Алматы және Қостанайға аптасына екі рет ұшақ қатынайды. Билет құны субсидияланған: Астана мен Қостанайға 10 мың, Алматыға 25 мың теңге.
Батырбек Ахметов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Соңғы жылдары жасалып жатқан Арқалыққа орасан зор жұмыс. Орталық-батыс жолының басталуы, әуежайдың ашылуы, вокзалдың жөнделуі, басқа да ішкі жұмыстары, ғимараттардың қалыпқа келуі сынды көп жұмыс істеліп жатыр. Жоғары баға береміз. Енді ұлттың бұдан күтері көп.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06