Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу 64%-ға жетті
Қазақстанда ауыл шаруашылығы шикізатын ел ішінде қайта өңдеу көлемі айтарлықтай артты. 2023-25 жылдары ет, сүт, майлы дақылдар, жүгері, күріш және қарақұмық бойынша өңдеу үлесі 35%-дан 64%-ға дейін өскен. Үкімет бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 70%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Саланы қолдауға шамамен 230 миллиард теңге бөлініп, 39 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Астықты терең өңдеу бойынша да өндіріс көлемі өсіп келеді. Қазір жыл сайын шамамен 510 мың тонна астық өңделеді. Экспорт көлемі де артқан. Былтыр агроөнеркәсіптік өнімдердің экспорты 3,6 миллиард долларға жетіп, бір жылда 35,3% өсім көрсетті. Негізгі мақсат – шикізатты экспорттаумен шектелмей, ел ішінде құны жоғары дайын өнімдердің өндірісін ұлғайту. Бұл үшін жаңа кәсіпорындар ашылып, техника жаңартылып жатыр.
Қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау мақсатында бірнеше мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Оның ішінде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы, инвестициялық субсидия бағдарламасы және салықтық жеңілдіктер жүзеге асырылады. Қазіргі кездің өзінде 2 ірі кәсіпорын бойынша, құрылыс жұмыстары аяқталды. Биылғы жылдан бастап олар өздерінің өнімдері ішкі нарыққа және экспортқа шығаратын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы