Басты Жаңалықтар Қазақстанда AI Month 2026 жасанды интеллект айы басталды

Қазақстанда AI Month 2026 жасанды интеллект айы басталды

Бүгін Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық технологияларға арналған AI MONTH 2026 айлығы басталды. Басты оқиғасы 1-3 қазан аралығында Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы. Оған компаниялар, инвесторлар, ғалымдар, стартаптар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. AI MONTH бағдарламасын OpenAI қолдауымен өтетін HackAlem AI хакатоны ашты. Қатысушылар Қазақстан экономикасының 10 негізгі саласына арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлейді. Хакатонның жүлде қоры мен технологиялық ресурстарының жалпы көлемі 1,1 миллион доллар. Ал 29-30 қыркүйекте Астанада KazHackStan халықаралық киберқауіпсіздік конференциясы өтеді. Мұнда мамандар деректерді қорғау, DevSecOps, зиянды бағдарламалар және жасанды интеллектке байланысты жаңа киберқауіптерді талқылайды. Бағдарлама Астанамен бірге өзге өңірлерді де қамтиды.


Бөлісу