Халық Кеңесінің төрағасы сайланды
Бүгін Астанада жаңадан құрылған Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясы өтіп, Президент кеңес төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысы «бұл — конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл қызметке елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс» деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Енді Халық кеңесінің төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін. Жалпы, Қазақстан Халық кеңесінің алдында тұрған міндет өте көп. Ертең Халық кеңесінің негізгі отырысында алдағы маңызды міндеттеріне кеңірек тоқталамын.
Бүгін құрылған Санақ комиссиясы Қазақстан Халық кеңесінің төрағасын сайлауға берілген дауыстарды санап, нәтижесін анықтады. Кеңес мүшелерінің 120-сы Президент ұсынған кандидатураны қолдады, біреуі қалыс қалды. Осылайша Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол өзіне үлкен сенім артып, Қазақстан Халық кеңесі төрағалығына ұсынған Мемлекет басшысына және Халық кеңесінің барлық мүшесіне ризашылығын білдірді. Айта кетейік, Ерлан Қошанов бұған дейін Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы қызметін атқарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы