«Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі ашылды
Кәсіпкерлерге енді бизнесті дамыту үшін әр мекемеге бөлек барудың қажеті жоқ. Астанада «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі ресми түрде жұмысын бастады. Ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалының базасында жұмыс істейді. Бизнесті іске қосу, дамыту, кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту – фронт офистің басты бағыты. Жеңілдетілген несие, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепілдік алу мүмкіндігі де бар. Ірі жобаларға инвестиция тарту, экспортты сақтандыру, кәсіпорынды жаңғыртуға арналған лизинг те осы жүйеге енгізілген. Барлығы «Бәйтерек» холдингіне кіретін бес ұйымның мүмкіндігін біріктіреді. Олардың қатарында «Даму» қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Qazaqstan Investment Corporation, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі және Өнеркәсіпті дамыту қоры бар. Ең бастысы – бұл қызметтер тек Астанада емес, Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді болады.
Бүкіл өңірлерде ашылған. Ешқайда бару қажет емес. Бір жерге келесің бүкіл консультация аласың. Ауылдық елді мекендерге мобильдік фронт-офистер жасадық. Қазір бүкіл 17 өңірге автобус сатып алдық.
Фархат Сәрсекеев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы:
Бүгін енді Астана қаласында ашылып жатыр, бірақ біз техникалық түрде осы жыл басынан бастап ашылып, жұмыс істегенбіз. Содан бері 30 мыңнан астам кеңес беріп, 1250 өтініш қабылдап, соны қарастырып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы