Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Microsoft ЖИ-ді бақылаусыз дамытудың қаупін ескертті

Өздігінен жұмыс істейтін ЖИ жүйелерін бақылаусыз дамыту болашақта олардың адамдармен ресурстар үшін бәсекеге түсуіне әкелуі мүмкін.  Microsoft компаниясының жасанды интеллект мәселелері бойынша бөлімінің басшысы Мұстафа Сулейман осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, AI негізіндегі чат-боттарға сана мен жеке мүдде идеяларын үйретудің және адамға тән қасиеттерді телудің қажеті жоқ.

Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ

Қытай Еуропа одағының электромобильдер экспортын шектеу туралы үндеуін қабылдаған жоқ. Бейжің ЕуроОдақ еркін сауда саласындағы міндеттемелерін сақтап, қытайлық компанияларға әділ жағдай жасайды деп үміттенетінін жеткізді. Бұған дейін «Файнэншл Таймс» басылымы Брюссель Бейжіңнен сауда соғысын болдырмау үшін гибридті автомобильдердің саудасын шектеуді сұрады деп жазған еді.

Жапония орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтерді 

Жапония Орталық банкі инфляция қысымын тежеу мақсатында пайыз мөлшерлемесін 31 жылдағы жоғары деңгейге көтерді. Реттеуші кеңесі бұл көрсеткішті 1%-дан 1,25%-ға дейін арттыруға дауыс берген. Мұның алдында Америка Құрама Штаттарының Федералдық резерв жүйесі мен Еуропа Орталық банкі де пайыздық мөлшерлемені өсірген еді. Мақсат  - Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты бағаның өсуін тежеу.

Азия ойындарының ашылу салтанатына әзірлік аяқталуға жақын

Жапонияның Нагоясында 2026 жылғы Азия ойындарына әзірлік аяқталып келеді. Спорттық шара өтетін қалаға тайфун жақындап барады. Табиғи апаттан сақтануға әзірлік жүріп жатыр. Жалпы алғанда, алдағы турнирлердің қауіпсіздігін 10 мыңдай полицей қамтамасыз етпек.


Бөлісу