Олимпиадаға қатысушы елдердің шеруі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиадаға қатысушы елдердің шеруі аяқталды

07.02.2014
Олимпиадаға қатысушы елдердің шеруі аяқталды
Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы  құрамалар шеруі аяқталды. Олардың арасында  ең көбі Ресей Федерациясының құрамасы. Бұл елден 270 спортшы бақ сынайды.  
 
Шеруге барлығы 88 елдің делегация өкілдері қатысты.  Айта кетейік, салтанатты шараны құрметті қонақ ретінде Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  тамашалады. Сонымен қатар, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бар.  

Хабарламаларға жазылу