Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

14.01.2014
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

Алматыда математика, физика және информатика пәндерінен X халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылуы өтті. Бұл жарыста жақын және алыс шетелдердің мамандандырылған үздік мектептері мен мықты командаларының жекелеген рейтингтері шығады.

 
Биылғы олимпиадаға әлемнің 17 елінен 57 команда қатысуда. Халықаралық қазылар құрамында 8 елдің ғалымдары отырады. Олимпиадаға қатысушылардың қатары да жыл сайын көбейіп келеді.
 
Биылғы жарыста 390-ға тарта қатысушы 5 күн бойы бәйгеге түсіп, 18-қаңтарда жүйріктер анықталады. Ал, жеңімпаздар Назарбаев университетінің грантына ие болмақ. Ең бастысы - бұл олимпиаданың арқасында бәсекеге бейім жастарды іріктейміз, - дейді ұйымдастырушылар.
 
Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
ТМД елдерінде халықаралық деңгейдегі осындай олимпиада өткізіліп жатқан жоқ. Біздің оқушылар білімдерін халықаралық деңгейде көрсетіп жатыр.
 
Нұрислам Тұрсынбек, олимпиадаға қатысушы:
Мен физика пәнінен қатысып отырмын. Бұл олимпиаданың берері көп. Бұл дүниежүзілік олимпиадаға әр елден келіп жатыр. Бұл Қазақстандағы дарынды балалар келешегіне деген үлкен бастапқы жол деп ойлаймын.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу