Заңнама және құқықтық ақпарат институты 2 млн-нан аса кеңес берген
Елімізде заңнама және құқықтық ақпарат институты заң жобаларын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеумен қатар, елдің құқықтық деректер базасын жүргізіп, азаматтарға тегін кеңес береді. Биылдың өзінде 2 мың 528 нормативтік акт жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіп, мемлекеттік органдарға 3 мың 487 ескерту жолдаған. Сонымен қатар, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі жаңартылып, іске қосылды. Ал құқықтық ақпараттық қызмет 2011 жылдан бері халыққа 2 миллионнан астам мәселе бойынша кеңес берген.
Жанар Жігітекова, Әділет министрлігінің заңнама және құқықтық ақпарат
институтының директоры:
Өткен жылы халыққа барлығы 95 743 кеңес берілді, ағымдағы жылдың 8 айында – 35 298. Күніне олардың орташа саны: телефон арқылы – 160, жазбаша – 20. Бұл жұмысты біз азаматтарға кеңес беру арқылы жүргіземіз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15