Әлем жаңалықтарына шолу
Сайлауда солшылдар коалициясы алда келеді
Швецияда өткен парламент сайлауында солшыл саяси күштер коалициясы алда келеді. Бюллетендердің көбі саналып бітті. Оңшылдар мен солшылар арасында айырмашылық аз болғаны сонша, кім жеңетінін алдын ала айту мүмкін емес. Сайлау комиссиясының болжамына сай, социал-демократтар жетекшілік ететін солшыл блок парламентте 349 орынның 176-сын иеленуі мүмкін.
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Құтқарушылар агенттігінің дерегінше, 243 адам мінген су көлігі жексенбі күні таңертең алып толқынға тап болып, бір жағына қисайған. Соңғы мәліметке қарағанда, 108 адам құтқарылып, алты адам қаза тапқан. Қазір апаттың нақты себебі тергеліп жатыр.
Мұнай бағасы 107 доллардан асты
Сауд Арабиясы алдағы екі күнде өзінің негізгі құбырын қайта іске қоспаса, әлем нарығы өзіне қажетті энергетикалық шикізаттың 4 пайызынан айрылады. Мұны Саудиядан мұнай сатып алушылар мен трейдерлер мәлімдеді. Жұма күні мемлекеттің «Шығыс-Батыс» құбыры дрондар шабуылына ұшырап, жабылып қалды. Бүгін мұнайдың Brent маркасының құны 3 пайызға жуық өсіп, 107 доллардан сатылып жатыр.
Әлемдегі алғашқы птерозаврлар мұражайы ашылды
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында птерозаврларға арналған тұңғыш ғылыми мұражай ашылды. Кешен Хами ұлттық геопаркі аумағында орналасқан. Аумағы 5 мың шаршы метр болатын музейдің 5 сопақ залы бар. Кешен бор кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткелердің эволюциясын жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы