Басты Жаңалықтар Президент Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Президент Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде қазақ тілін 20 жылдан бері оқытып жүрген Хангук шет тілдері университетінің профессоры Сон Ён Хунды мемлекеттік наградамен марапаттады. Одан бөлек екі ел арасындағы байланысты нығайтуға атсалысып жүрген бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Мемлекет басшысы бұл азаматтардың Қазақстан мен Корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қос тараптың серіктестігін арттыруда Қазақстандағы корей ұлтының өкілдері маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Корея Республикасы – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Елдеріміздің сауда-экономикалық қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатыр. Біз машина жасау, энергетика, металлургия, озық технология және басқа да салада бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Әлемге танымал корей компаниялары елімізде табысты жұмыс істеуде. Мәдени-гуманитарлық байланысымыз да күшейді.


Бөлісу