Сочи-2014. Бабенко ресейлік Румянцевпен қатар жүгіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014. Бабенко ресейлік Румянцевпен қатар жүгіреді

07.02.2014
Сочи-2014. Бабенко ресейлік Румянцевпен қатар жүгіреді
Қазақстандық конькимен жүгіруші Дмитрий Бабенко 5000 метр қашықтықта ресейлік Александр Румянцевпен жарысады. Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Цыбенко Дмитрийдің ресейлік Скобревпен бірге жүгіргенін қалаған.
 
 «Скобревпен бірге жүгірсе жақсы болар еді. Мықты қарсыласпен жарысқан кезде жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндік бар. Алайда бұл кезекте мен Александр Румянцевтің де осал емес екенін және жарысқа керемет дайындалғанын айқым келеді» - дейді Сергей Цыбенко
 
Айта кететіні, бұл жарыстар 8 ақпан күні Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Хабарламаларға жазылу