Баланы тегін үйірмеге қалай тіркеуге болады?
Алматылық оқушылар спорттың ондаған түрімен тегін айналыса алады. Сонымен қатар түрлі шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік бар. Ата-аналар қайда жүгінуі керек? Баланы үйірмеге қалай тіркеуге болады? Айдана Қуантхан тарқатады.
Айдана Қуантхан, тілші:
Алматыда ата-аналар баласын спортқа немесе шығармашылық үйірмелерге тегін бере алады. Ол үшін екі мүмкіндік бар. Біріншісі қалалық спорт мектептерінің біріне іріктеу нәтижесі бойынша қабылдану. Екіншісі DamuBala бағдарламасы арқылы өтінім бере алады. Алып шаһардағы спорт мектептерінде спорттың он бағыты бойынша тегін қатысуға болады. Алдымен оқушының жасына, қызығушылығы мен қабілетіне сай үйірмені таңдау қажет. Кейін сол мектепке хабарласып, қабылдау талаптары мен іріктеу мерзімін нақтылау маңызды. Балаңыз талаптарға сай келсе, медициналық анықтама, баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН-ы, ата-анасының бірінің жеке куәлігі, 3×4 көлеміндегі екі фотосурет, 063 немесе 026 нысанындағы медициналық құжаттар керек. Спорт мектебінен бөлек, балаларға арналған түрлі секциялар мен үйірмелерді DamuBala бағдарламасы арқылы да таңдауға болады. Бағдарлама 4 пен 17 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Ол үшін ата-ана Damubala.kz сайтына кіріп, «Тіркелу» батырмасын басады. «Ата-ана» рөлін таңдап, жеке деректерін енгізіп, телефон нөмірін SMS арқылы растауы қажет. Одан кейін баланың деректерін жеке кабинетке қосып, қолжетімді үйірме немесе секцияны таңдауға болады. DamuBala-дағы орындар кезекпен беріледі. Сондықтан бос орынның ашылғанын бағдарлама мен әкімдік жариялаған ақпараттан бақылау қажет.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16