«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
Түркістан облысында қайта жаңарған «Жібек жолы» кеден бекеті қазан айында ашылады. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан нысанды жөндеу жұмыстары өткен жылы басталды. Қазір негізгі құрылысы аяқталып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмысы жүргізілуде. Нәтижесінде жаңартылған кешеннің аумағы екі есе ұлғаяды. Мамандардың айтуынша, бекетте енді тәулігіне 70 мың адамға қызмет көрсетіліп, 2 мың көлік пен 200 автобус өте алады. Құрылысына 11 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған кеден бекеті алты жолақты болады.
Асқар Айнамқұлов, «Жібек жолы» кеден бекетінің басшысы:
Кеден бекетінің аумағында екі ғимарат болады. Біреуі Қазақстан Республикасына кіру бағыты, біреуі ҚР-нан шығу бағыты. Екеуі бір-бірімен қиылыспайды. Бірі-бірімен қарым-қатынас болмайды және де екі ғимараттың ортасын байланыстырып тұрған шатыр. Шатырдың астында үш жолақ шығуға, үш жолақ Қазақстан Республикасына кіру бағыты. Осы шатырдың астында барлық кедендік бақылау, шекаралық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12