Сочи Олимпиадасы: Қонақтарды құрылысы аяқталмаған қонақүйлерде қарсы алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасы: Қонақтарды құрылысы аяқталмаған қонақүйлерде қарсы алуда

07.02.2014
Сочи Олимпиадасы: Қонақтарды құрылысы аяқталмаған қонақүйлерде қарсы алуда
 
Сочи жарысқа келген қонақтарды ыстық су, жылу жүйесі, интернет және телефон байланысында ақауы бар  қонақүйлерге жайғастыруға мәжбүр. Себебі, біраз қонақүйлер Олимпиадаға толыққанды дайын болмаған.
 
Тіпті кейбір қонақүйлердің жоғары қабаттарында құрылыс әлі де жүріп жатыр. Ал төменгі қабаттарға меймандарды орналастырып та қойған.
 
Сонымен қатар, бөлмелерде жылу жоқ, суға түсетін бөлмеде сабын, тіс пастасы, сусабын, ілгіш сынды ұсақ дүниелердің де алынбағаны анықталды.
 
Еске сала кету керек, Олимпиада нысандарына Ресей билігі 50 миллиард АҚШ долларын жұмсаған.
 

Хабарламаларға жазылу