Басты Жаңалықтар Дарынды оқушы –ұлт болашағы

Дарынды оқушы –ұлт болашағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық тамыз кеңесінде білім және ғылым саласын дамытудың заманауи тәсілдерін қолдануды және жас дарындарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды. Келешегінен үміт күттіретін талапты оқушылар Түркістан облысында да жетерлік. Мәселен, биыл  халықаралық деңгейдегі  олимпиадалар мен ғылыми байқауларға 21 оқушы  қатысып, 14 медаль жеңіп алды.

9-сынып оқушысы Ильяс Дінмұхаммедұлы Румынияда өткен жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында қола медальді жеңіп алды. Ол күрделі математикалық есептерді жоғары деңгейде шешіп, көпті тәнті еткен. 

Ілияс Дінмұхаммедұлы, халықаралық олимпиаданың жеңімпазы:

Бұл олимпиаданың қиындықтары ол есептер ешқандай формулаға немесе бір жазғаннан шыға салмайды. Оған адамның өзінің логикалық ойлауы мен қабілеттері қажет. Әр математиктің арманы ол халықаралық олимпиадаға өту. Менің де арманым халықаралық олимпиадаға осы Қазақстанның атынан қатысып, еліме медаль әкелу.

Аршат Бексары – Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасына қатысып, халықаралық додада III орын иеленді. Сондай-ақ сыныптасы  Сарыбек Омармен бірге команда құрып, халықаралық сайыстың күміс медалін еншіледі. Жасөспірімдер арасындағы республикалық пәндік олимпиадада да бірінші орындар алып жүр. Жетістікке жету үшін жасөспірімдер сағаттап дайындалады. 

Аршат Бексары, халықаралық олимпиаданың жеңімпазы:

Ол есептердің әрқайсысы қиын болады. Әрқайсысына бөлек техника керек, бөлек шешім керек. Болашақта математика өте керек зат, керек пән. Өйткені математика арқылы біз елімізді дамытамыз. Елімізді жаңа деңгейге шығарамыз. Біз жаңадан теоремалар ашсақ болады. Ол теоремалар өте пайдалы болуы мүмкін.

Халықаралық олимпиадаларда Түркістан облысының оқушылары күрделі есептерді жылдам шешу шеберлігімен танылып келеді. Әсіресе IT және  робототехника жарыстарында өңірдің жас программистері жүлдені қолдан жіберген емес.

Әбдіжәміл Жантаев, мұғалім:

Робототехникаға оқушыларымыздың қызығушылығы күннен күнге артып жатыр. Неге? Себебі қазір тренд деп айтамыз ғой. Бүкіл әлем қазір робототехника бағытына бет бұрған. Соның ішінде өзекті болып жатқан дрон саласы. Агро саласында, өрт сөндіру саласында, қылмыскерлерді ұстау болсын, әскери бағыт бойынша қызығып, үйретіп жатырмыз.

Өңірде дарынды балаларды анықтау, дайындау және арнайы олимпиадалық резерв қалыптастыру жұмыстары қарқын алды. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттары мен жас ғалымдарды дайындайтын олимпиадалық мектептер ашылды.


Бөлісу