Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
Қазақстандықтардың 82 % өмір сүру жағдайына қанағаттанады. Бұл сауалнама нәтижесі. Оған еліміздің барлық өңірінен кәмелет жасына толған мың тұрғын қатысқан. Олардың 68 пайызы соңғы 3 жылда жалпы жағдайдың жақсарғанын атап өткен. 82 проценті қазіргі өмір сүру жағдайына қанағаттанатынын жеткізген. Тағы 68 пайызы жағдайдың одан әрі жақсарғанын қалайды. Елді мекендердегі өзгерісті тұрғындар ең алдымен жолдан, абаттандырудан, саябақ пен көгалдандырудан байқайтынын жеткізген.
Азат Мұхамедиев, Назарбаев университеті жанындағы ұлттық талдау орталығының зерттеушісі:
Тұрғындардан мынандай мәселе сұралды. Болашақтта қай сала алға жылжып дамуы керек? Тұрғындардың жауабы, ол - медициналық инфрақұрылым, медициналық мекемелер, емханалар, ауруханалар. Интернет және мобильді байланыс. Одан кейін тұрғын үй шаруашылығы. ЖКХ дейміз ғой. Осы үш бағытты атап өтті.
Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы жүргізген сауалнама биыл шілде - тамыз айларында өтті. Мың тұрғын қатысқан іріктеуде халықтың жынысы, жасы, өңірі жіті сақталғанын жеткізді. Яғни, ер және әйелдердің саны тең дәрежеде болған. Ал, сауалнама «Қазақстандықтар өздері тұратын елді мекендердің дамуын қалай бағалайды» деп аталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы