Басты Жаңалықтар 288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді

288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді

Ел мектептеріндегі стомотологиялық кабинеттердің саны биыл 288-ге жетті. «Болашаққа сау тіспен» Жол картасы аясында оқушыларда кездесетін тіс ауруларын ерте бастан анықтауға, дер кезінде кеңес беруге мүмкіндік бар. Биыл тек Ақтөбе облысының өзінде 8 мыңға жуық бала стомотологиялық тексеруден өткен.

Бұл білім ордасында стомотологиялық кабинеттің ашылғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен, осы аз ғана уақыттың ішінде оқушылар тексерістен өтіп, алғашқы нәтижелер белгілі бола бастады. Балалардың өздігінен тіс дәрігеріне баруы қиын. Ал, бұл жерде ауыз қуысы ауруларын ерте анықтап, алдын алуға болады.

Сымбат Өтегенова, оқушы:

Мен брекет салған едім, енді жағдайын қарап отырамын. Қай жерде кариес бар, брекет қай жері клейленіп қалған. Енді мен тіс күтімін қарап жүремін. Енді біз күтпей, келеміз де, тісімізді тексертіп жібереміз.

Құралай Мұратова, тіс дәрігері:

Аша ғой... Тіс жегісі бар ма, жоқ па, соған және алдын алу, қалай ауыз қуысын сауықтырады, соған мәлімет беріп отырамыз, кеңес беріп отырамыз. Мына баланың ауыз қуысы таза, тістері орнында.

Стоматологтар профилактикалық сабақтар да өткізеді. Оқушыларға тіс күтіміне қатысты ақыл-кеңестер береді. Әр мектепте жақын жердегі емханалардан жіберілген дәрігер-стоматолог немесе дантист жұмыс істейді. Процедураларды жүргізуге мейірбикелер көмектеседі. Жыл басынан бері облыс бойынша 7 847 оқушы тіс дәрігерінің қабылдауында болған. 1 719 баладан жеңіл және орташа дәрежедегі тіс жегісі анықталды.

Зейнеп Өмірзақова, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия директорының орынбасары:

Медициналық тексеріс кезінде тек кеңес алып, қандай да бір кариес немесе қандай да бір асқынулар болған жағдайда әр оқушының учаскелік дәрігеріне жолданатын еді. Қазіргі кезде мектебімізде стомотологиялық кабинет ашылғандықтан емдеу жұмыстарын, кеңес беру осында жүргізіледі.

Тіс дәрігерлері оқушы саны 1000-нан асатын мектептерде жұмыс істейді. Мұндай білім ордаларының саны өңірде 60-қа жуық. Ал, еліміз бойынша стомотологиялық кабинеттер саны 145-тен 288-ге дейін артты. Мектептерге келіп жұмыс істейтін мамандарға қойылатын талап та жоғары.

Алмагүл Сайпудинқызы, Қазақ ұлттық медицина университеті, стоматология мектебі деканының орынбасары:

Міндетті түрде ол маманның сертификаты болу керек.Әрине, маман дәрігер-стоматолог ретінде жұмыс жасау үішн арнайы өзі арнайы курстардан білім алады.Одан кейін оны растап, мемлекеттің лицензиясымен сертификатталған мамандар жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта Ақмола, Шығыс қазақстан, Солтүстік қазақстан облыстарында мамандарға тапшылық бар. Жауаптылар бұл меселе көп ұзамай шешімін табады дейді. Жоспар бойынша, 2028-інші жылдың соңына дейін елімізде осындай 987 кабинет жұмыс істеуі керек.

Бөлісу