Көкшетауда кітап оқитын азаматтар көбейіп келеді
Биыл еліміз бойынша 1 миллионнан астам азаматты кітап оқуға тарту көзделеді. Қыркүйек айында бастау алатын «Кітап оқитын ұлт» марафонына ақмолалықтар да қосылады. Жуырда облыстық әкімдікпен меморандумға қол қойылды. Кітап оқитын ұлттың жаңа бейнесі қандай?! Бүгінгі кітапхана оқырманның сұранысына сай қалай өзгерді?! Бибінұр Әмірханқызының материалы.
Аманжол
Ыдырысұлының жасы 84-те. Ол Көкшетаудағы
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың байырғы оқырманы.
Кітапқұмар жан руханият ордасының табалдырығын алғаш рет осыдан 50 жыл бұрын аттаған. Кітапқа деген махаббат жарты ғасыр өтсе де,
суыған жоқ, - дейді қарт оқырман.
Аманжол Есмағұлов, оқырман:
Кітаптан көкірек көзің ашылады. Әлемнің көбін білгің келеді. Ылғи ізденіп жүрем. 3 жыл әскерде болғанда Әл Фараби университетінің 3 курсын сырттай оқып бітірдім. Міне кітаптың маған көмегі.
Бүгінгі
кітапхана баяғы шаң басқан сөрелер мен «тыныштық сақтаңыз!» деп ескертетін орын
емес. Қазір руханият ордасы заманауи медиаорталыққа айналды десек болады.
Себебі, креативті коворкинг орталығы бар.
Жұлдыз Мағжан, оқырман:
Үйден қарағанда осы жерден оқу өте өнімді. Студент кезімнен бастап,осы кітапханаға келіп отырам, жиі келем. Рефераттар бар, үй тапсырмалары, керекті ақпаратты тауып іздеймін. Электронды кітаптарды іздей аламыз. Кітпахананың атмосферасы ұнайды, жағымды. Ашық. Керемет!
Бүгінде
облыстық кітапханада 300 мыңға жуық кітап пен басылым бар. Оның 80 мыңнан
астамы мемлекеттік тілде. Кітап қоры оқырманның талғамына сай бейімделген:
психология, бизнес, мотивация және әлемдік классика дейсіз бе бәрі бар. Тіпті,
3 жарым мыңға жуық кітап пен газет сандық форматқа көшірілген. Ал «Кітап оқитын
ұлт» жобасына қатысам деушілер алдымен тіркеліп, 300 кітаптың ішінен 15-ін
таңдап алу қажет, -
дейді ұйымдастырушылар.
Жанар Жүсіпова, «Кітап оқитын ұлт» өңірлік добасы
кеңсесінің басшысы:
2026 жылдың қыркүйек айынан 2027 жылдың наурыз айына дейін республика бойынша «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталады. қатысушылар 15 кітап оқу керек талап бойынша, тамыз –қыркүйек арасында тіркелу басталады.
Бибінұр Әмірхангқызы, тілші:
Кітап оқу – бүгінгі Қазақстанның жаңа тренді. Себебі интеллектуалды ұлт қалыптастыру — мемлекеттік басымдыққа айналды. «Кітап оқитын ұлт» жобасы соның дәлелі. Оған кітап оқып, көкірек көзін ашқысы келген әр азамат қатыса алады. Республика көлемінде жеңімпаз болу үшін алдымен аудандық, қалалық сыннан өтеді, - дейді ұйымдастырушылар.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектеп асханаларында мәзір өзгерді
07.09.2026, 17:35
Щучинсктегі жарылыс: Кінәлілер сотталды
07.09.2026, 17:33
Көшпенділер ойындары: Қорытынды
07.09.2026, 17:30
Ақтөбелік оқушылар мектеп ауласын абаттандырған
07.09.2026, 17:25
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Петропавлда кітапты таныстырды
07.09.2026, 17:20
Дарынды оқушы – ұлт болашағы
07.09.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 17:15
Жолдау нәтижелері: Сөзден іске
07.09.2026, 17:13