Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
Қазақстанда туризм саласына инвестиция қарқыны күшейді. Бұл Президенттің Жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыру шараларының бірі. Екі жылда салаға 2,2 триллион теңгеден астам қаражат тартылды. Қазір елде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 328 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Туристер ағыны да артқан. Былтыр Қазақстанға 15,7 миллион шетел азаматы келді, оның 11,1 миллионы турист ретінде тіркелді. Ал ішкі туризмде 8,7 миллион қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Туризмнің экономикаға қосқан жиынтық үлесі – 5 трлн теңге.
Нұрбол Байжанов, Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
Туристік саланы жүйелі дамыту мақсатында және барлық мемлекеттік органдардың арасында жұмысты байланыстыру мақсатында үкімет деңгейінде үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы мамаыр айында өткен болатын. Ол үйлестіру кеңесінде осы туристік саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасының іс-шаралар жоспары өзектендірілді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09
Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды
07.09.2026, 13:06