5 мың шақырымдай теміржол салынады
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр. Соңғы бес жылда 5 мың шақырымға жуық жол салынып, теміржол арқылы өтетін транзит те артқан. Тасымал көлемі 33 млн тоннаға, ал саланың кірісі 3 трлн теңгеден асты. «Достық – Мойынты» және «Алматы стансасының айналма теміржол желісі» жобалары аяқталғаннан кейін Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Аягөз – Бақты жаңа желілерінің құрылысы, сондай-ақ қолданыстағы желіні жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы үш жыл ішінде тағы 2200 шақырым теміржол салу және жаңғырту қарастырылған. Жылжымалы құрам да жаңаруда. Отандық өндірісте биыл 200-ші және 700-ші локомотивтер шығарылды. Ал биыл жолаушыларға арналған 191 жаңа вагон жеткізіледі. Тоз-тозы шыққан теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстары қарқынды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 124 вокзалды реконструкциялау жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 100 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Басым бөлігі жолаушылардың игілігіне берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы