Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
Ақтөбе облысының Ембі қаласындағы теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта қолданысқа берілді. Бұл ғимараттың салынғанына 125 жыл болған.
Содан
бері мұндай ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілмеген екен.
Вокзалдың
бір қабатты ғимараты толығымен жаңа кейіпке енді. Ауданы 387 шаршы метрден 421
шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Құрылыс-монтаж
жұмыстары кезінде шатыры жаңартылып, ғимараттың қасбеті мен ішіне әрлеу
жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар инженерлік желілері толықтай ауыстырылды.
Іргелес аумақ абаттандырылды. Жалпы облыс бойынша осындай жеті нысан жөнделеді.
Есет Аманбаев, облыстық жолаушылар көлігі, автомобиль
жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінгі таңда 7 теміржол вокзалының бесеуі іске қосылып, пайдалануға берілді халық игілігіне. Атап айтатын болсақ, ең бастысы облыс орталығы Ақтөбе қаласындағы, Шалқар қаласындағы теміржол вокзалы, Алға қаласы, Ембі қаласы және Шұбарқұдық ауылындағы теміржол вокзалдары.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06