Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
Астанада ғарыш саласына арналған ірі халықаралық форум басталды. Үш күнге жоспарланған шараға 50-ден астам елден сарапшылар, ғарыш агенттіктері, бизнес, ғылым және технология өкілдері қатысуда. Мақсат - ғарыш саласындағы жаңа технологияларды таныстырып, халықаралық ынтымақтастықты күшейту және бірлескен жобаларға жол ашу. Форумда спутниктік технологиялар, цифрлық инфрақұрылым, ғарыштық байланыс және ғарыш индустриясының жаңа мүмкіндіктері талқыланбақ. Яғни ғарыш енді тек зымыран ұшыратын сала емес, экономиканың, цифрландырудың және ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі ретінде қарастырылмақ. Қазақстан өз кезегінде спутниктік инфрақұрылымды дамытып, әлемдік ғарыш нарығындағы орнын күшейтуді көздейді. Форумның соңғы күні Байқоңырда жалғасады. Дәл осы күні 9 қыркүйекте, форум қатысушылары үшін ерекше мүмкіндік туады. Олар ғарыш кемесін тиеген зымыранның ұшырылымын арнайы бақылау алаңынан тамашалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы