Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды
Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйде көлік жүргізіп, 6 адамды қаққан әйел 9 жылға сотталды. Сондай-ақ сот қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алғандарға 35 млн теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуді міндеттеді. Айыпталушының 14 жасқа толмаған, мүмкіндігі шектеулі қызының болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі кейінге шегерілді.
Марат Күздеубаев, Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:
Бибінұр Ізбасаровна Касымова бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді деп белгіленсін. Бибінұр Ізбасаровна Касымованың асырауында жас баланың болуына байланысты оған тағайындалған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасының орындалуы 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылсын.
Еске салайық, бұл оқиға биыл маусым айында Арыс қаласындағы көшелердің бірінде болған еді. Мас күйде көлік тізгіндеген 52 жастағы тұрғын үйдің жанындағы орындықта отырған әйел мен балаларын жаншып өткен. Салдарынан оқиға орнында жүкті әйел мен кәмелетке толмаған екі жасөспірім қайтыс болды. Тағы екі әйел мен 1,5 жастағы сәбиі ауыр жарақат алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы