Alemcredit.com арқылы халықты алдағандар анықталды
Тұтынушыларға тиімді шарттармен микрокредит береміз деген Alemcredit.com сайтының қызметіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаржылық мониторинг агенттігі прокуратурамен бірге бұл істі тергеп жатыр.
Тергеу мәліметінше, тұрғындар сайтқа әлеуметтік желідегі жарнамаларға сеніп кірген. Олар қарыз рәсімдеу үшін жеке басын растап, дербес мәліметтерін енгізіп және электронды құжаттарға қол қойған. Алайда рәсім аяқталғаннан кейін қарыз алушыларға уәде етілген сомадан әлдеқайда аз ақша аударылып, оның бір бөлігі алдын ала ескертілмеген комиссиялар мен басқа да төлемдерге ұсталған. Сонымен қатар қарыздың нақты құны, сыйақы мөлшері, артық төлем мен айыппұлдар туралы толық ақпарат берілмеген.
Ернар Тайжан, ҚМА ремси өкілі:
Қаражат үшінші тұлғалардың, яғни, дропперлердің банк карталары арқылы қайтарылған. Тінту барысында жаппай SMS-хабарлама таратуға қолданылған SIM-бокстар мен көп мөлшерде SIM-карта тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06