Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
Қытайда Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымы басталды. Байқауға 12 елден өнерпаздар қатысып жатыр. Еліміздің намысын Рухия Байдүкенова қорғады. Ол қазақтың халық әні «Бұлбұлды» орындап, байқаудың алғашқы турының жеңімпазы атанған еді.
Жобаның алғашқы шығарылымы CCTV-3 және CCTV-15 телеарналарында, сондай-ақ CCTV.com мен CCTV Arts цифрлық платформаларында көрсетілді. Халықаралық музыкалық жобаны Қазақстан Президентінің Телерадиокешені China Media Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Байқау әр елдің өнерпаздары мен музыкалық дәстүрлерін бір сахнада тоғыстыруды көздейді. Айта кетейік, Silk Way Star байқауының 2025 жылғы алғашқы маусымында Моңғолиядан келген Мишель Жозеф жеңімпаз атанған.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06