Басты Жаңалықтар ҚР Вице-Президентінің өкілеттіктері бекітілді

ҚР Вице-Президентінің өкілеттіктері бекітілді

Вице-Президенттің өкілеттіктері бекітілді. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Енді Вице-Президент стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеп, Президент атынан өкілдік етеді. Халықаралық іс-шараларға қатысады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекші болады. Бірқатар комиссияның жұмысын да қадағалайды. Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осы өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Вице-Президент өкім шығаруға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық кеңесінің, Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға құқылы. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды алу, ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға мүмкіндігі бар. Оның қызметін Президент Әкімшілігі қамтамасыз етеді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енді.

Бөлісу