Емханаларда педиатриялық учаскелер қайта жұмыс істейді
Енді емханаларда педиатриялық учаскелер қайта жұмыс істейді және әр бала өзі тіркелген медициналық мекемеде сол маманның бақылауында болады. Алғашқы медициналық көмекті де педиатр көрсетеді. Есте болса, бұған дейін педиатр дәрігерлердің орнын жалпы практика дәрігерлері толық алмастырады деген ереже болды. Енді бұл талапты алып тастады. Осы жаңа бұйрық «Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Педиатриялық қызметті сақтау үшін тек штат мәселесін шешу жеткіліксіз. Ең бастысы білікті мамандарды даярлау.
Сәуле Досова, №10 қалалық емхананың педиатр-дәрігері:
Осы пилоттық жоба бізде шілде-тамыз айларында іске асырылды. Бұл жоба негізінде 2 педиатриялық аймақ алынды. Бір педиатриялық аймақта 0-6 жас аралығындағы балалар, ал екінші аймақта 0-18 жас аралығындағы балалар бақылауға алынды. Бұл жобаның негізінде педиатрияда өте жақсы көрсеткіштер болды. Себебі вакцинация жоспарланған балалардың да саны ЖТД келгенге қарағанда артты, диспансерлік бақылаудағы балалардың да саны артты. Сондай-ақ қауіп тобындағы балалардың бақылауы артты.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16