Басты Жаңалықтар Абай облысында төрт теміржол вокзалы ашылды

Абай облысында төрт теміржол вокзалы ашылды

Абай облысында бір аптада 4 бірдей теміржол вокзалы қолданысқа берілді. Солардың үшеуі Жарма ауданында орналасқан. Жолаушылар үшін енді Шар, Жарма, Үшбиік және Жалаңашкөл станцияларындағы вокзалдар заманауи талаптарға сай қызмет көрсетеді. Өңірдегі маңызды теміржол тораптарының бірі - Жарма станциясы арқылы еліміз бен көрші елдерді байланыстыратын  пойыздар көп қатынайды. Сондықтан станциядағы вокзал ғимараты толық қайта жөндеуден өтіп, кеңейтілді. Жолаушыларға арналған күту залы жаңартылып, санитарлық жағдайы жақсарды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де кедергісіз орта қалыптасқан. Ал перрон жолаушылардың қауіпсіздігіне сай қайта салынды.

Осыған дейін де өңірдегі әбден тозығы жеткен бірнеше теміржол бекеті жаңартудан кейін қолданысқа берілген болатын. Қазір  облыстағы 10  вокзалда жөндеу жалғасып жатыр.

Тәуірбек Наушабаев, Жарма станциясының тұрғыны:

Бүгін біз үшін өте қуанышты сәт. Өйткені 30-жылы салынған нысандар көп өзгермеген болатын. Бұл – Жарма халқы үшін және маңайымыздағы ауылдар үшін өте үлкен қуаныш. Бұрынғы вокзал, ғимарат кішкентай болған.


Бөлісу