Басты Жаңалықтар Қызылорда облысындағы мұнай-газ компаниялар әлеуметтік жобаларға ₸7,3 млрд бөлген

Қызылорда облысындағы мұнай-газ компаниялар әлеуметтік жобаларға ₸7,3 млрд бөлген

Қызылорда облысында мұнай-газ өндіретін компаниялар әлеуметтік жобаларға айрықша қолдау көрсетіп келеді. Соңғы үш жылда шаһарда мұнайшылар демеушілігімен екі бірдей жаңа нысан ел игілігіне берілді.

Жарты ғасырлық тарихы бар Қазанғап атындағы музкалық колледжге былтыр Сырдың сол жағалауынан жаңа ғимарат берілді. Нысанды «Саутс-ойл» мұнай компаниясы  өз қаражаты есебінен тұрғызып 4,8 миллиард теңге қаржы құйған. Талай талантты өнерпаз тәлім алған білім ошағының қазір заман талабына сай оқу корпусы, 200 орындық жатақханасы бар. Студенттер саз әлемінің сан алуан түрін меңгеріп жатыр. 

Ал «ҚазГерМұнай» бірккен кәсіпорнының демеушілігімен 350 балаға арналған зәулім Оқушылар сарайы бой көтерді. Бұл қаланың сол жағалауында орналасқан алғашқы шығармашылық орталық. Жасөспірімдердің зейінін ашатын оқушылар үйінде ІТ бағдарламалау, робототехника, эко зертхана, телестудия, ән мен би секілді 10-нан аса үйірме ақысыз негізде жұмыс істейді. 

Гүлжан Тұрмаханова, қала тұрғыны:
Балаларымызды дамыту үшін заман талабына сай, бүкіл жаңа технологияларға сай әлеуметтік ғимарат салып бергеніне алғысымыз шексіз. Сол жағалау тұрғындары қайда апарарын білмей жүрген балаларын осында келуге кеңес беремін.


Бөлісу