Алматыда ұлт ұстазын ұлықтады
Алматыда ұлт ұстазы, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлт ұстазын ұлықтау» атты дәстүрлі дөңгелек үстел өтті.
Тағылымды шара ұлт ұстазының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, кейін музей-үйінде жалғасты. Жиында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі, әдебиеттану және ұлттық білім беру саласына қосқан үлесі, ағартушылық идеялары мен ғылыми мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы сөз болды. Шарада ғылыми пікірталаспен қатар, жаңа еңбек таныстырылды. Музей қоры филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбайдың «Ахмет Байтұрсынұлы ілімі» атты ғылыми монографиясымен толықтырылды. Сондай-ақ музей қорына бірқатар тарихи жәдігер тапсырылып, ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.
Асылы Осман, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Егер біз ұлыларымызды ұлықтамасақ, онда біздің келешегімізге көлеңке түседі. Қазақтың тұла бойындағы адами асыл қасиетінде осы тұлғалар арқылы ұрпағымызға жеткізе білуіміз керек. Сондықтан оның еңбегін бағалап, дәл тіл мерекесін Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған мереке - барша қазақстандықты осы мерекемен құттықтаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы