Ғылым – мемлекет қуатының негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады»,- деп атап өткен еді. Бұл сөз ғылымның елдің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін қалыптастырудағы маңызын айқындайды. Өйткені мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткіштермен немесе табиғи ресурстармен өлшенбейді. Ғылым мен жаңа технологияның дамуы да – елдің болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Ал Қазақстан ғылымының бүгінгі деңгейі – осы салаға еңбек сіңірген ғалымдар мен зерттеушілердің көпжылдық еңбегінің нәтижесі. Қазір ғылыми ізденістің бағыты өзгеріп, заманауи технологияларға басымдық берілуде. Яғни ғылымның дамуы елдің технологиялық мүмкіндігін арттырып қана қоймай, экономиканың жаңа бағыттарын қалыптастыруға жол ашады, дейді ғалымдар.
Назира Дүйсембаева, Қазақстан ғылымының тарихы музейінің меңгерушісі:
Яғни, біздің ғылымымыз мықты болса, біз де қуатты мемлекет боламыз дегенді білдіреді. Сондықтан да біздің еліміз қазіргі таңда биотехнология, жасанды интеллект, экология, медицина сияқты ғарыштық зерттеулерге көп көңіл бөліп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы