Семейде ЖИ мектебі ашылды
Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды. Онда 18 жастан асқан кез келген азамат бағдарламалау мен цифрлық технологияларды тегін меңгере алады. Қазір білім алғысы келетіндерден 240-қа жуық өтінім түскен. Мұндағы оқу дәстүрлі сабақ үлгісінен өзгеше. Оқытушы дәріс оқымайды. Қатысушылар тапсырмаларды өз бетімен орындап, бір-бірімен тәжірибе алмасады. Яғни, білім алу жүйесі теңбе-тең қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Мектепте тәлім алушылар түрлі бағдарламаларды үйреніп, ІТ саласындағы білімдерін жетілдіреді.
Асхат Мұқанов, мектеп директоры:
Толықтай жасанды интеллектіні оқытады. Демек, біз бағдарламалау тілдерін оқытамыз. Алғашқылардың бірі болып біз Абай облысы осы мектепті ашып жатырмыз. Бірінші лекке бізде 86 адам өткен болатын. Толықтай бәрі онлайн түрде оқытылады. Мектептің ерекшелігі 24 сағат жұмыс істейді және 18 жастан бастап кез келген адам оқи алады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17