Эль-Ниньо құбылысы 2027 жылға дейін ықпал етеді
Эль-Ниньо климаттық құбылысы жыл соңына таман күшейіп, оның ықпалы келер жылға дейін сақталуы мүмкін. БҰҰ-на қарасты Дүниежүзілік метеорология ұйымы осылай деп мәлімдеді. Бұл әлемнің көптеген аймағында сезіледі. Мысалы, кей жерлерде аптап ыстық болса, өзгелерінде жауын-шашын күшеюі ықтимал. Бұл ауылшаруашылығы, сауда, балық аулау, денсаулық сақтау, су ресурстары тәрізді бірқатар салаға айтарлықтай шығын әкеледі деген алаңдаушылық басым. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, адамзат қазірдің өзінде қуаңшылық, су тасқыны мен қолайсыз ауа райының жиілеп кеткеніне куә болып отыр. Эль-Ниньо жаңадан пайда болған жоқ. Ол – бірнеше жылда қайталанып отыратын құбылыс. Алайда ғаламдық жылынуға қосылғанда, осы жолы ауа райына әсері де күштірек болмақ.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07